384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • 263
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады.

Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі.   

Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай күтіледі. Батыс Қазақстанда түнде және таңертең, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы