386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

  • 315
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды КТК

«ҚазАвтоЖол» ЖШС республикалық маңызы бар автожолдардың жабылғандығы туралы ақпаратты жариялады.

Нұр-Сұлтан қ.: 04 қарашада көктайғақ күтіледі.

(Ақтөбе облысы)

03.11.2019 жылы 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұрқасын, көрінуі өте нашар) республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолының 965 шақырымынан (Қарабұтақ ауылы) – 1240 шақырымына дейін (Қызылорда облысы шекарасына дейін) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

(Қызылорда облысы)

03.11.2019 жылдың 20 сағат 25 минуттан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар және көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 Самара-Шымкент автомобиль жолының 1357-1240 шақырымы аралығында (Арал қаласынан бастап Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына жол жабық.

Хабар 24 телеарнасы