384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуаттағышты тоқ көзіне қалдырып кетудің қауіптері қандай

  • 376
  • UPD: 10:53, 07.11.2019
Қуаттағышты тоқ көзіне қалдырып кетудің қауіптері қандай

Смартфондар, планшеттер және басқа гаджеттер адамзат өмірінде маңызды рөл атқарып келеді.

Кейде қуаттағыш құрылғылар тоқ көзінде қалып қояды. Тіпті қажет кезінде іздеуге уақыт кетірмес үшін оны тоққа арнайы қалдырып кететіндер де бар.

Бос қуаттағышты тоқ көзіне қалдырып кетудің қауіптері қандай?

Біріншіден, үйде кішкентай балалар немесе үй жануарлары болса, қуаттағышты тоқта қалдырып кетпеген жөн. Кішкентай балалар қызықты болып көрінген нәрсенінің барлығын аузына апаратыны белгілі. Сондай кезде тоқ соғып кетуі әбден мүмкін. 

Екіншіден, өртке себеп болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, жоғары сапалы қуаттағыштарда қауіпті жағдайды болдырмайтын арнайы сақтандырғыштары болады. Бірақ одан да өрт туындамауына ешкім кепілдік бере алмайды.

Үшіншіден, электр қуатын ысырап етеді. 

Төртіншіден, күні бойы тоқ көзіне қосылып тұрғанда қуаттағыштың жарамдылық мерзімі айтарлықтай қысқарады. Әдетте оның орташа жарамдылық мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Ұялы телефон қандай жағдайда атылып кетуі мүмкін?

Аязды және суық күндері ұялы телефон сөніп қалмас үшін...

Хабар 24 телеарнасы