388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

  • 112
  • UPD: 11:35, 08.11.2019
Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда елордалық командалардың қатысуымен бірден екі матч өтеді.

Бұл демалыс мәдени-ойын-сауық іс-шараларынсыз қалмайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін «Көрме» залында SuluExpo 2019 сұлулық индустриясының 18-халықаралық көрмесі басталды. Қонақтарды республикалық ауқымдағы чемпионаттар, өңірлік деңгейдегі конкурстар, өзекті тақырыптар бойынша конференциялар күтуде. Танымал шеберлердің қатысуымен барлық бағыттағы шеберлік сағаттары, Қазақстан мен Ресейдің үздік сұлулық сарапшыларының оқу семинарлары, тренингтер көрменің сәнін кіргізеді. Сонымен қатар көрме алаңында өз саласының беделді мамандарының форумдары, сондай-ақ директорлар мен сұлулық индустриясы мамандарына арналған «Sulu Boom» лотерея ойыны өтеді. Іс-шара 9 қарашаға дейін жалғасады, билетті баратын күні тіркеу орнынан алуға болады.

Сенбі, яғни 9 қараша күні «Сарыарқа» велотрегінде «Астана» президенттік баскетбол клубы мен «Цмоки-Минск» баскетбол клубы кездеседі. Жанкүйер қауымды қызықты ойын күтіп тұр. Себебі бұл екі команданың арасындағы текетірес әрдайым тартысты өтеді.

«Астана» – «Цмоки Минск» матчына билеттерді онлайн сатып алуға болады, құны 200 теңгеден басталады. Ойын уақыты 15:00-де.

Күндіз «Астана Арена» стадионында футболдан «Астана» командасы Павлодардың «Ертісімен» кездеседі. Қазақстан премьер-лигасы аясында өтетін ойын 10 қараша күні сағат 15:00-де басталады. Билет құны – 500 теңгеден.

Сол күні кешке Бейбітшілік және келісім сарайының залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың «Тұрсынбек Қабатов 40 жыл» атты жеке әзіл-сықақ концерті өтеді. Әзіл кеші сағат 18:00 басталады.

Билеттің ең төменгі бағасы – 3000 теңге.

Хабар 24 телеарнасы