386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бірнеше пойыздың бағыты өзгереді

  • 214
  • UPD: 16:58, 08.11.2019
Елімізде бірнеше пойыздың бағыты өзгереді ult.kz

Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір пойыздардың бағыты өзгереді.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Атап айтқанда:

№375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

№85/86 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;

Cол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды;

Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады.

Сонымен қатар алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты:

№ 153/154 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;

№ 375/376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен-1» енді № 67/68;

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78.

Жеке тасымалдаушылар:

№ 312/311 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты);

№ 307/308/ «Нұр-Сұлтан – Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);

№ 617/618 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Хабар 24 телеарнасы