423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында жолдар жабылды

  • 671
  • UPD: 19:38, 09.11.2019
Еліміздің бірқатар облысында жолдар жабылды inform.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар облысында жолдар жабылды.

Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолының учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Құрметті жүргізушілер, қалың қар мен автожолдағы көрініс мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сағат 17:30-дан бастап 18-231 шақырым аралығында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолдағы жүргізушілерден мұқият болуларын және қар тазалайтын техниканы басып озғанда қауіпсіздікті сақтауларын сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Қостанай облысында республикалық бағыттағы жолдар жабылды.

«Қазақавтожол» АҚ Қостанай филиалының ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 17.00-ден бастап жолдар жабылды. Басты себеп – автожолдардың нашар көрінуі, көктайғақтың түсуі.

«Республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» – Р36 тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Қостанай облысы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта жол қозғалысы шектелді. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 555-729 шақырымы жабылды. Бұл РФ шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», - деп хабарлады орталық өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы