384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегін заңгерлік кеңес беруді көздейтін «Qorgau» жобасы жүзеге асырылып жатыр

  • 266
  • UPD: 08:18, 10.11.2019
Тегін заңгерлік кеңес беруді көздейтін «Qorgau» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Елімізде азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруді көздейтін республикалық «Qorgau» жобасы жүзеге асып жатыр.

Айта кету керек, аталған жоба аясында барлық қалалар мен аудан орталықтанда заңгерлік көмек беретін 210 орталық ашылған. Орталықтар арқылы бірінші кезекте өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетіледі. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен кәмелет жасқа толмағандар, пробациялық есепте тұрғандар, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында тамыз айынан бері 500-ден аса адам осындай орталықтардың көмегіне жүгініпті. Жоба жетекшілерінің айтуынша, өңірде 13 орталық ашылған. Қазір аймақта ҮЕҰ-дар өкілдері мен еріктілерге, болашақ заңгерлерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға аталған жобаның жай-жапсарын түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Есенғали Өтегенов, қала тұрғыны:  

- «QORGAU» жобасы өте керек деп ойлаймын. Біздер сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте қажет нәрсе, керек нәрсе. Енді қазір біздер «Қорғауға» жолығып тұрмыз, бізге көмектессін деп, біздің құқығымыз қорғалсын. 

Әлия Сәлиева, «Qorgau» жобасының БҚО бойынша жетекшісі:

- «QORGAU» дейтін жоба тегін әділет кеңес береді мына әлеуметтік өмірі төмен адамдарға. Көп балалы аналарға, ия көбі мына пенсия дұрыс есптемеген, сондай мәселемен келеді, АӘК-ні дұрыс санамаған, сондай-сондай көп мәселелер түсіп жатыр, соларды қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы