384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар бағыт бойынша жолдар жабық тұр

  • 249
  • UPD: 11:34, 10.11.2019
Бірқатар бағыт бойынша жолдар жабық тұр

Қалың жауған қар мен көктайғақ тасжолдардағы көлік қозғалысын қиындатты. Қостанайдан Нұр-Сұлтанға шығатын жол қазір жабық.

Қазақавтожолдың онлайн картасында Теміртаудан елордаға келетін жолдың да жабық екені көрсетілген. Бұл өңірде ауа райы әлі құбылып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетеді.Еліміздің біраз бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ және боран болады деген болжам бар. Тек оңтүстік-батыс пен батыс аймағында күн жауын-шашынсыз.

Хабар 24 телеарнасы