386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді

  • 360
Елімізде ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді sputniknews.kz

Қазақстан аумағында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 аязға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен. Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Хабар 24 телеарнасы