384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 қараша күні еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 201
  • UPD: 15:22, 17.11.2019
17 қараша күні еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды tengrinews.kz

17 қараша күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн ашық болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Тек елдің солтүстік батысында, солтүстігі мен шығысында ғана қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз елдің басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 метр болады.

Алматы облысында түнде және таң ата елдің бірқатар аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Хабар 24 телеарнасы