384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пневмониямен ауырмас үшін нені білу керек?

  • 187
Пневмониямен ауырмас үшін нені білу керек?

Күздің соңғы айы – қараша тұмау және басқа да жұқпалы аурулардың өршитін кезі.

Осы ретте пневмония дерті де дендеп кетеді, деп ҚазАқпарат Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Пневмония – бұл өкпе тінінің қабынуы, ол негізінен альвеолаларға әсер етеді және олардағы қабыну сұйықтығын туғызады. Аурудың басталуы дене қызуының жоғарылауымен, кеуденің ауыруымен, қақырықтың мол бөлінуімен сипатталады. Диагностиканың негізгі әдісі – флюорография, өкпенің рентгенографиясы. Бұл арқылы қара жарықтар мен қақырық дақтарын көруге болады», – дейді орталық мамандары. Пневмонияның алдын-алу үшін үй-жайды үнемі желдетіп отыру, тұрғын үйді таза ұстау керек.

«Қозғалыс режимін сақтау керек. Таза ауада серуендеумен бірге қалыпты физикалық жүктемелерді орындау сырқатқа шалдығу ықтималдылығын төмендетеді. Зиянды әдеттерден бас тартып, денені салқындатудан сақтану қажет. Сондай-ақ, тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту өте маңызды», – дейді ҚДСҰО баспасөз қызметі. Қазақстанда көптеген ауруға қарсы вакцина бар, соның ішінде ең озық 13 – валентті пневмоккты инфекцияға қарсы вакцина, ол 13-тен аса патогенді серотиптерді, яғни пневмоккты қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы