429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді

  • 1443
  • UPD: 14:56, 18.11.2019
Елімізде ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді

Қазгидромет 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде  қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Мұнда сондай-ақ түнде минус 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін суытады.

Хабар 24 телеарнасы