384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай ауа райында сабақ болмайды

  • 203
  • UPD: 16:31, 19.11.2019
Қандай ауа райында сабақ болмайды elnews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қандай ауа райында сабақ болмайтынын түсіндірді.

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Сабақты тоқтату жөнінде шешім қабылданған жағдайда жауапты қызметкер осы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне, қала бойынша жедел әрекет ету орталығының операторына (109 қызмет көрсету жүйесіне) хабарлайды.

Ақпарат мына дереккөздер арқылы таратылады:

1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен смс-хабарлама;

2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу);

3) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсы (http://bilim.astana.kz);

4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook парақшасы (https://www.facebook.com/bilimastana/);

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы (http://astana.gov.kz/);

6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Бірінші ауысым үшін сағат 6.00-ден, ал екінші ауысым үшін сағат 12.00-ден бастап берілген ақпарат қала тұрғындары мен қонақтарын хабардар ету үшін, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында және Facebook парақшасында жарияланып, білім мекемелерінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарына беріледі.

Оқушылар сабаққа келген жағдайда, мектеп басшылығы әдеттегі сабақ кестесіне сай (бақылау жұмыстары мен пәндер бойынша жаңа тақырыптарды игеруді қоспағанда) толық оқу күнін қамтамасыз етеді, сабақ аяқталғаннан соң, балаларды мектептен алып қайту ата-аналармен немесе заңды өкілдерімен қамтамасыз етіледі.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін білім беру ұйымдарында күндізгі және түнгі кезекшілік ұйымдастырылады.

Ата-аналарға ауа райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ұсынылмайтындығын айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы