376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы №20 автобуста жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

  • 284
  • UPD: 16:06, 19.11.2019
Елордадағы №20 автобуста жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

Нұр-Сұлтан қаласындағы №20 бағдардың жолаушылары жолақыны Visa банк карталары арқылы төлей алады және банк картасымен төлеген кезде бір сапардың құны 45 теңгені құрайды.

Бұл туралы «Astana LRT» хабарлады.

«Қызмет Visa жаһандық төлемдік технологиялық компаниясы, «Kassa Nova банкі» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) және «БПЦ Қазақстан»-мен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды», - деп хабарлады «Astana LRT».

Елге және эмитент банкке қарамастан, оны Visa байланыссыз карталарын ұстаушылары пайдалана алады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоба астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажеттілігін болдырмайды, туристерге олар үшін әдеттегі халықаралық карталардың көмегімен төлеу мүмкіндігін береді.

Хабар 24 телеарнасы