386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 225
  • UPD: 18:42, 19.11.2019
ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды

Шығыс Қазақстанда күн райының қолайсыздығына байланысты Өскемен-Риддер бағытына жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының шығуына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, жел күшейген. Қалыңдығы 60см болатындай қар түскен. Қазір қауіпсіздікті күшейтіп, көлік қозғалысын қалыпқа келтіру үшін жол тазалау көліктері жұмылдырылып, тас жолды тазалауға кірісті. Синоптиктердің мәлімдеуінше, өңірде алдағы күндері қатты аяз болуы мүмкін. Температура минус 33 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

19.11. сағ. 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (сулы қар, көрінбеу) Өскемен – Шемонаиха – РФ шек. (км. 15-102, Глубокое к. – Шемонаиха қ.) республикалық маңызды а/ж жүк және жолаушылар автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

19.11. сағ.17:10-да ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, көрінбеу) Өскемен – Семей (км. 10-198, Герасимовка а. – Семей қ.) республикалық маңызды а/ж жүк және жолаушылар автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы