384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

  • 367
  • UPD: 09:49, 20.11.2019
Көкшетауда қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды newtimes.kz

Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімет таратты.

Ақпаратқа сүйенсек, облыс орталығындағы мектептерде әзірге бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ал, екінші ауысым жайлы ата-аналарға түске қарай хабарланады. Облыс бойынша біраз аудандар мен қалаларда да осындай жағдай. Мәселен, Степногорск қаласы мен Шортанды, Аршалы, Астрахан, Целиноград аудандарында бірінші ауысымда 9-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылса, Ақкөл және Атбасар аудандарының барлық оқушылары бүгін оқымайды.

Айта кетейік, өткен түнi аймақта ауа температурасы кей жерлерде -30 градусқа дейін төмендеп кетті.

Хабар 24 телеарнасы