384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі шегу созылмалы обструктивтік өкпе ауруына себеп болады – маман

  • 233
  • UPD: 13:03, 20.11.2019
Темекі шегу созылмалы обструктивтік өкпе ауруына себеп болады – маман laust.ru

Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы өкпенің бұзылуына ықпал ететін бөлшектер мен газдарды жұту себебінен өкпенің созылмалы қабынуына әкеледі және оны дамытады.

Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның кардиотерапия қызметінің басшысы, м.ғ.д., профессор Сәуле Қасенова айтып берді.

Созылмалы обструктивтік өкпе ауруының клиникалық белгілеріне ентігу, жөтелу және қақыру жатады. Ауру диагнозын спирометриялық зерттеу арқылы анықталады.

Бұл ауруды дұрыс емдеу арқылы ауру ағымын тежеуге болады. Дәрігерлердің болжамы бойынша, егер  бұл аурудың алдын алу үшін жуық арада іс-шаралар қабылданбаса, онда Созылмалы обструктивтік өкпе ауруынан өлім-жітім саны он жыл ішінде 30% астам пайызға өсуі мүмкін.

СОӨА әлемге таралу көрсеткіші 6%-дан (Мексикада) 20%-ға (Чилиде) дейін болып отыр. ДДСҰ-ның зерттеуі бойынша созылмалы обструктивтік өкпе ауруына шалдыққандар саны 210 миллион адамды құрайды. Жыл сайын СОӨА бойынша 2,8 миллионға жуық адам қайтыс болады, бұл барлық өлім себептерінің 4,8% құрайды. СОӨА өлім жағдайының 90% пайызы дерлігі табысы төмен және орташа болып саналатын елдерде орын алып отыр. 

Аурудың негізгі себептеріне – шылым шегу, темекі түтіні, шаң, газ, түтін арқылы ауаның ластануы, кәсіби зияндар (еңбек пен өндірістің  жағымсыз факторлары, жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін санитариялық еңбек жағдайы) жатады.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша қарашаның екінші немесе үшінші аптасының сәрсенбісінде әлемнің 50-ден астам елдерінде «Созылмалы обструктивті өкпе ауруына қарсы дүниежүзілік күрес күні» аталып өтеді.

Созылмалы обструктивті өкпе ауруымен күресудің дүниежүзілік күні шеңберінде 2019 жылдың 20 қарашасында СОӨА пациенттері үшін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да небулайзерлік терапия (тыныс алу мүшелерінің ауруы барысында қолданылатын ингаляциялық терапия түрлерінің бірі) бойынша шеберлік-класпен бірге семинар өткізілді.

Еске сала кетсек, қытайлық дәрігерлер 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қалай өзгеретінін көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы