384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Жасөспірімдердің физикалық белсенділігі төмен

  • 146
  • UPD: 13:31, 23.11.2019
ДДСҰ: Жасөспірімдердің физикалық белсенділігі төмен

Әлемде жасөспірімдердің 80%-і көп уақытын отырыңқы күйде өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл семіздік пен жүрек ауруларына шалдығудың бірден-бір себебі. Арнайы зерттеу жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай қорытынды шығарды.

Олардың айтуынша, бүгінде әлемдегі жасөспірімдердің жартысынан астамының қимыл-қозғалыс белсенділігі қажетті нормадан төмен. Сондықтан аталған ұйым өкілдері оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға бағытталған шараларды қолға алуға шақырып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда физикалық белсенділік жағынан әлемде Бангладеш елі көш бастап тұр. Ал соңғы орынға Корея Республикасы жайғасыпты. Бұл елде жасөспірімдердің 6%-і ғана спортпен шұғылданады екен.

Хабар 24 телеарнасы