386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

  • 196
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұқасын  күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы