384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ағзаға D витамині жетіспеуінің басты белгілері

  • 240
  • UPD: 17:43, 25.11.2019
Ағзаға D витамині жетіспеуінің басты белгілері

Адам ағзасында аталған дәрумен тапшы болса қан қысымы жоғарылап, остеопороз, екінші типті қант диабетіне шалдығу ықтималдылығы артады.

Дәрігерлер әсіресе бұл құбылыстың қыс мезгілінде жиі байқалатынын айтып, басты белгілерін атады. «Олар: сүйектер мен буындардағы ауырсынулар, артық салмақ, маңдайдың жиі терлеуі, депрессия мен ішектердегі проблемалар», – деп жазды Focus. журналы.

Бостон университетінің профессоры Майкл Ф.Холика D витамині адам бойында жеткілікті мөлшерде болуы үшін күн көзінде тәулігіне кемі 15-20 минут жүруге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы