412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Wi-Fi адам денсаулығына зиян ба – дәрігерлер жауап берді

  • 659
  • UPD: 17:11, 29.01.2020
Wi-Fi адам денсаулығына зиян ба – дәрігерлер жауап берді

Ұлттық сараптама орталығының мамандары электромагниттік сәулелердің қаупі мен оның алдын алу мәселелері туралы айтты, деп хабарлады InAlmaty.kz.

Сәулелендіру көздеріне барлық тұрмыстық техника, соның ішінде теледидар мен радио, ұялы телефондар мен гаджеттер жатады.

«Өнеркәсіптік жиілік өрісінің белгілі бір қарқындылығында 50 Гц денемізде реакция тудырады. Жүйке, иммундық, эндокриндік және репродуктивті жүйелер ең сезімтал болып саналады. Яғни электромагниттік сәулеленудің адам ағзасына әсер ету деңгейі сәулелену көзіне дейінгі қашықтыққа да байланысты», - дейді дәрігерлер.

Оның белгілері – шаршау, тітіркену, ұйқының нашарлауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Дәрігерлерді, әсіресе, сымсыз байланыстың кең таралуы алаңдатады, бұл пульсті электромагниттік сәуле шығарады.

«Интернетке сымсыз қосылу технологиясы баланың дамып келе жатқан орталық жүйке жүйесіне зиян тигізуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары балаларға арналған білім беру мекемелерінде Wi-Fi арқылы интернетке сымсыз қосылу жүйесін пайдаланбауға кеңес береді», - деді дәрігерлер.

Балаларға күніне қанша уақыт компьютер алдында отыруға болады?

– 5-7 жас аралығындағы балаларға күніне 30 минут;

– 8-12 жастағы балаларға күніне 1 сағат;

– 13-14 жастағы балаларға күніне 2 сағат;

– 15-16 жастағы балаларға күніне 3 сағат компьютер алдында отыруға болады.

 Әр 40-45 минут сайын үзіліс жасау керек.

Электромагниттік өрістердің әсерін қалай азайтуға болады?

– Қашықтықты сақтау. Жұмыс істеп тұрған микротолқынды пештің жанында тұруға болмайды. Wi-Fi роутерінің қасында ұйықтамаған жөн. Интернет қолданбайтын кезде Wi-Fi роутерін өшіріп қою керек.

– Үйдің ішіне жиһаз бен электр құрылғыларын дұрыс орналастыру керек. Тоңазытқыш, компьютер немесе теледидар тұрған қабырғаға кереуетті қоймаған жөн.

– Ноутбуктерді тізеге қойып ұстамау керек. Ұялы телефон арқылы сөйлесу уақытын қысқарту қажет.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы