384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балабақшаға кезекке тұру: кімдерге бірінші беріледі

  • 366
  • UPD: 12:59, 28.11.2019
Балабақшаға кезекке тұру: кімдерге бірінші беріледі

Көптеген отбасылар үшін баланы балабақшаға беруде кезекке қою, кезек күту мәселесі қиындық туғызып жатады.

Дегенмен қазіргі уақытта дәстүрлі әдістермен қатар, электронды үкімет порталы арқылы да балабақшаға кезекке тұру мәселені жеңілдеткендей.

Балабақшаға кезекке тұрудың бірінші жолы – Халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы өтініш беру. Ол үшін орталыққа барып, нөмірді алу керек, деп хабарлады egov.kz.

Одан кейін:

  • баланы кезекке қою үшін өтініш беру;
  • баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасын және көшірмесін ұсыну;
  • әкесінің/анасының немесе ресми қамқоршыларының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну;
  • жеңілдік алу құқығын растайтын құжаттарды ұсыну керек.

Тіркелгеннен кейін нөмір бен өтінішті алып, сол арқылы алдағы уақытта онлайн режимде өзгерістерді бақылап отыруға болады.

Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері балабақша кезегі келген кезде байланысу үшін байланысу деректерін алып қалады.

Балабақшаға кезекке тұрудың екінші жолы –  электронды үкімет арқылы өтініш беру.

Ол үшін egov.kz сайтына кіру арқылы «Қызметтер» – «Отбасы» – «Балабақшаға кезекке қою» батырмаларын басу керек. Одан соң:

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтінімді толтыру және жіберу  (ЭЦҚ талап етіледі). Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу;
  3. Жеке кабинетте  («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін пайдалануға болады;
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру;
  5. Жеке кабинетте жолдамамен келіскен МДБМ-не жолдамамен танысу.

Балабақшаны бірінші кезекте кімдер алады?

  1. Мүгедек балалар;
  2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3. Жетім балалар;
  4. Көп балалы отбасылардың балалары;
  5. Арнайы мемлекеттік органдардың балалары соның ішінде қызметтен өту кезінде із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болғандардың балалары;

Ал әскери қызметкерлердің балалары, соның ішінде қызметтен өту кезінде қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың балалары кезектен тыс балабақшаға орналасу құқығына ие.

Ол үшін мына құжаттар қажет:

  1. Өтініш;
  2. Сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
  3. Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  4. Жеке куәлік(ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің);
  5. Әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның мөрімен және қолымен расталған анықтама (бар болса) (берілген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды);
  6. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);

Баланы балабақшаға кезекке қойғанан кейін электронды үкімет арқылы кезектің нөмірін қарап отыруға да болады.

Ата-аналар балалар мекемесіне жолдаманы беріп өзара міндеттемелері туралы келісім-шартқа қол қойған соң балабақша әкімшілігі баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдайды, бала автоматты түрде тіркеу есебінен алынып тасталады.

Бала қандай жағдайда балабақшадан шығарылады?

  1. Ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбеген жағдайда (төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам кешіктіру);
  2. Бала бір айдан астам уақыт бойы себепсіз жәнебалабақша әкімшілігіне ескертпей келмеген жағдайда;
  3. дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде баланың келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда.

Ай сайынғы төлемақы мөлшері қандай?

  1. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;
  2. мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
  3. мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

Мемлекеттік балабақшаға орналасу үшін кезекте тұрған балалар жекеменшік балабақшаға бара ала ма?

Егер бала мемлекеттік балабақшаға кезекте тұрса, онда алдын-ала кезек жеткенге дейін жекеменшік балабақшаға орналастыру мүмкіндігі бар. Дегенмен мемлекеттік бақшадағы кезек орны сақталып қалады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс аясында жеке меншік балабақшадағы тәрбие мен білім үшін төлемді мемлекетпен бөлісуге болады. Республикалық бюджет қаржысынан мемлекет балалардың нақты болған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерінің құнын төлейді, ал ата-аналар тамақтану шығындарын, сондай-ақ өз қалаулары бойынша балабақша тарапынан қосымша қызметтер үшін төлейді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаға жіберу жолдамасын білім басқармасы береді. Жеке балабақшаның басшысы ата-анамен шарт жасасады, онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ балабақша үшін алынатын төлем мөлшері айтылады.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы