376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 391
  • UPD: 17:48, 28.11.2019
Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

29 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Осы күні Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

1 желтоқсанға дейін Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, үш күн бойы күші 15-20 м/с болатын жел тұрады.

29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел соғады.

Осы күні түнде Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы