384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қара жұмада» сәтсіз саудаға ұрынып қалмау үшін... психолог кеңесі

  • 205
  • UPD: 11:12, 29.11.2019
«Қара жұмада» сәтсіз саудаға ұрынып қалмау үшін... психолог кеңесі

Бүгін көптеген сауда желілерінде «қара жұма» жеңілдіктер науқаны өтеді. Үлкен сатылым кезінде сәтсіз саудаға ұрынып қалмас үшін не істеу керек екенін психолог Елена Игина айтып берді, деп хабарлады inAlmaty.

Тізім құрып алу

Сауда нүктесіне барар алдында сатып алу керек заттардың тізімін жазып алған жөн.

Ақша лимитін қою

Жеңілдіктер науқаны кезінде жұмсалуы тиіс ақшаның шекті мөлшерін белгілеп алған тиімді.

Несиелік карталарды пайдаланбау

Несие карталарын пайдалану ақша лимитін қоюға мүмкіндік бермейді. Себебі шектеусіз несие беретін несие карталарының кесірінен ақша лимитін белгілей алмай, шығынға ұшырауыңыз мүмкін.

Қолма-қол ақшаны қолдану

Психологтың айтуынша, төлем карталарынан гөрі қолма-қол ақшаны қолдану шығындарды басқаруға көмектеседі.

Сауда жасау жеке мәселелерді шешпейді

– Шопоголизм кейде адамның психологиялық жағдайына байланысты болады, – дейді психолог.

«Қара жұма» әрдайым қарашаның аяғында, желтоқсанға жақын кезде өтеді. Бұл – адамдар өздеріне қорытынды шығара бастайтын уақыт, егер өздеріне ұнамаса, депрессияға түсе бастайды. Олардың көпшілігі бұл кезеңге төтеп бере алмай, не тамақтанудан, не дүкеннен жұбаныш табады. Көбірек серуендеңіз, ароматерапияны қолданыңыз, жағымды эмоцияларға көңіл бөліңіз», – деп толықтырды маман.

Әр тиынды есептемеу

Есептеуге арналған бағдарламаларды пайдалану және әрбір жұмсалған тиынды есептеудің қажеті жоқ. Психология бойынша, керісінше, әсер етуі мүмкін «мәңгілік басқару» деген ұғым бар.

«Адам өмір сүрудің орнына бақылауға көшеді, тиісінше өзін еркін адам ретінде сезіне алмай қалады. Сондықтан тым артық кетуге де болмайды. Ол кері әсер етіп, одан депрессия мен шопоголизм пайда болуы мүмкін», – деп қорытындылады психолог.

Сонымен қатар сарапшы мерекелік жеңілдіктерде адамдардың, әсіресе қай жастағылардың мұқият болу керектігін айтты. Елена Игина төрт топты анықтады: 18-ден 25 жасқа дейін, 25-тен 35 жасқа дейін, 35-тен 45 жасқа дейін және 45 және одан жоғары.

18 жастан 25 жасқа дейінгі адамдар тобы әлеуметтік желілерде өте белсенді және интернет-дүкендерге онша қызықпайды, сондықтан «қара жұма» оларға қатты әсер етпейді.

Ең осал топқа үшінші топты жатқызуға болады, өйткені 35 пен 45 жас аралығындағы адамдар жеңілдіктерді қалдырмауға тырысады.

Ал 25 жастан 35 жасқа дейінгі екінші топ адамдары, керісінше, көбінесе интернет-дүкендерде уақыт өткізеді, сондықтан «жеңілдік» сөзі оларға қатты әсер етеді. Бұл буынның өкілдері үнемдеу әдетімен мерекелік жеңілдіктер кезінде көп шығындалады.

Дайындаған: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы