384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада №70 автобустың аялдамаларға тоқтау кестесі өзгереді

  • 335
  • UPD: 15:47, 29.11.2019
Елордада №70 автобустың аялдамаларға тоқтау кестесі өзгереді

Елордада 30 қарашадан бастап №70 автобус бағдары «Венский квартал» ТК», «37 көше» және «Orynbor Towers» ТК» аялдамаларында екі бағытта да тоқтайды.

Енді № 70 бағдардың қозғалыс кестесі Мәңгілік Ел даңғылы – 29 көше – 37 көше – 28 көше арқылы өтеді, деп хабарлады Астана LRT.
 
«Аталмыш учаскілерде бұған дейін тиісті инфрақұрылым (аялдама қалталары, аялдама павильондары, жол белгілері және т. б.) болған жоқ, сондықтан бағдарлар осы аудан арқылы өте алмады. Қазір автобустардың жүруіне арналған барлық инфрақұрылым дайын, бағдар енді осы көшелермен жүреді», - делінген хабарламада.
 
Хабар 24 телеарнасы