430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда автобустар таңғы беске дейін қатынайтын болды

  • 661
  • UPD: 10:25, 01.12.2019
Атырауда автобустар таңғы беске дейін қатынайтын болды

Атырау қаласында жылы аялдамалар қойыла бастады. Әзірге 7 аялдама жылдың барлық маусымына сәйкестендіріліп жарақтандырылған.

Мәселен, онда қалта телефонын қуаттауға болады. Жолаушылар тасымалындағы тағы бір жаңалық: қала көшелерінде түнгі автобус маршруттары ашылды. Олар жұмыс күндері яғни, дүйсенбіден жұма аралығында түнгі сағат 3-ке дейін, ал, демалыс күндері таңғы 5-ке дейін жолаушылар тасымалдайды. Бұл әзірге қанатқақты жоба болғандықтан қаладағы жолаушылар жиі жүретін бағыттарда жүзеге асырылып жатыр. Егер нәтижелі болса, түнгі маршруттар саны көбейеді. 

Қуантай Қалманов, автопарк директоры:

- Әзірге 14-і маршрут Авангард ықшам ауданы мен Теміржол вокзалы арасында қатынайды. Бұл бағытта төрт автобус аралары 20 минуттан күндіз-түні тасымалдайды. Мұның барлығы жолаушылардың діттеген жеріне тез жетуі үшін ұйымдастырылып отыр. Автобус қозғалысын қалта телефонынан GPS-жүйе арқылы бақылап отыруға да болады.

Хабар 24 телеарнасы