384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көп балалы отбасылардан жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды

  • 338
  • UPD: 10:24, 01.12.2019
Елордада көп балалы отбасылардан жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды

Елордада «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау, басталды деп хабарлайды zhilfond.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдай бастады. Бұл бағдарламада «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар санатындағы тұрғын үй кезегіндегі көп балалы отбасылар қатыса алады. Барлығы 251 пәтер, оның 184-і үш бөлмелі (65-85 ш.м.), 67-сі екі бөлмелі (60-70 ш.м.)

Құжаттарды 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ Р. Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде қабылдайды. Мекеме құжаттарды 1-2 желтоқсанда сағат 10:00-дан 16:00-ге дейін, 3-6 желтоқсан сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін қабылдайды. Үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек: Өтініш; өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат; неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы ХҚО-нан анықтама; өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама; жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар. Сонымен қатар көп балалы ана кітапшасы (егер бар болса көшірмесі) болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы