384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы жолдар ашылды

  • 79
  • UPD: 20:20, 02.12.2019
Ақтөбе облысындағы жолдар ашылды

Бүгін таңертең ауа райы жақсарғандықтан Ақтөбе облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар көлік жолдары ашылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Таяуда аймақтағы біраз жолдар жабылып, ескерту жарияланған болатын. «Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауа райының жақсаруына орай облыстық маңызы бар Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк (0-265 шақырым, Шұбарқұдық-Қобда ауылы) автожолы мен Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық (17-190 шақырым, Сазда-Шұбарқұдық ауылы) аумағындағы көлік қатынасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, ауа райының жақсаруына қарай Құрайлы елдімекенінен бастап Ресей шекарасына дейінгі Ақтөбе-Мәртөк-Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар автожолдағы шектеу алынып тасталды. Бұл жолдар кеше көктайғаққа байланысты жабылған болатын», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы