384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 264
  • UPD: 11:25, 03.12.2019
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 желтоқсанда бірнеше өңірде дауылдық ескерту жасалды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 3 желтоқсанда тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 3 желтоқсанда тұман, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы