384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызбен жүру кезінде қандай жеңілдіктер жасалады

  • 138
  • UPD: 16:54, 03.12.2019
Мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызбен жүру кезінде қандай жеңілдіктер жасалады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық тобы үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастағы пойыздарға  50% жеңілдік енгізілген. 

Бұл норма  әлеуметтік маңызы бар 57 пойызда, оның ішінде 6 Тұлпар-Тальго пойызында қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Әлеуметтік маңызы бар пойыздарға балама ретінде ұйымдастырылған коммерциялық 9 Тұлпар-Тальго пойызында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жол жүруіне арналған арнайы купедегі орынға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға 70% жеңілдік беріледі», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Сәбитбекұлы.

Айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Осы мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жұмыс тобы құрылды. 

Сонымен қатар биылдан бастап кез келген адамға темір жол билетін «Электронды күту парағы» арқылы сатып алуға мүмкіндік берілді.

«Қазіргі таңда сатып алатын бос орындар болмаған жағдайда, жолаушының «Күту парағы» тізіміне тіркелуге мүмкіндігі бар, ал бос орындар пайда болған кезде жүйе кезектегі жолаушыға пайда болған бос орынды ұсынады», - деді Асылхан Сәбитбекұлы.

Хабар 24 телеарнасы