384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы жылы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тарифі қандай болады

  • 103
  • UPD: 14:31, 04.12.2019
Алдағы жылы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тарифі қандай болады

2020 жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған тариф төрт есе дерлік азаяды (1 шаршы км үшін 13,3 теңгеге дейін).

Қазір қазақстандықтар пәтердің 1 шаршы метрі үшін 0,02 АЕК төлеуде. 2019 жылы жарна бір шаршы метр үшін 50,5 теңгені (1 АЕК – 2525 теңге) құрады. Алдағы жылы 0,005 коэффициенті және 2 651 теңге АЕК болған жағдайда жарна 13,3 теңгеге дейін азаяды, деп хабарлады krisha.kz.

Мысалы, 45 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер үшін қолданыстағы тариф бойынша ай сайын 2 525 × 0.02 = 50.5 × 45 = 2 272.5 теңге төлеу керек болды. Өзгерістерден кейін төлем 2 651 × 0.005 = 13.3 × 45 = 598.5 теңгені құрайды.

Тұрғындардың өтініші бойынша тарифті көтеруге болады. Мұндай шешім КСК мүшелерінің немесе белгілі бір үйдің жалпы жиналысында қабылданады. Ақшаны жұмсаудың ашықтығы үшін әр объект үшін жеке шоттар ашылады: ағымдағы және жинақ.

Айта кетсек, Қазақстанда күрделі жөндеуге арналған жинақтау жүйесі 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы