427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шашты бояу мен химиялық түзулеу сүт безі қатерлі ісігін тудыруы мүмкін

  • 1256
  • UPD: 10:11, 05.12.2019
Шашты бояу мен химиялық түзулеу сүт безі қатерлі ісігін тудыруы мүмкін

Америкалық ғалымдар шаш бояуы мен шашты химиялық жолмен түзулеудің сүт безі қатерлі ісігі қаупін арттыратынын анықтады.

Зерттеу қорытындысы International Journal of Cancer журналында жарияланды, деп жазды tengrinews.kz.

Мамандар 49 709 әйелдің денсаулығына зерттеу жүргізген. Нәтижесі бойынша шаш бояйтын әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қауіпі қалған шаш боямайтын әйелдерден 9 пайызға көп болғаны анықталды.

«Мұнда құрамында канцерогендер мен эндокрин жүйесін бұзатын заттар жайлы айтылып жатыр. Ал шаш түсін уақытша өзгертетін бояулардың ешқандай қаупі жоқ. Сондай-ақ шашты химиялық жолмен түзулеу де сүт безі қатерлі ісігін арттырады. Осындай әдісті 5-6 апта қолданған әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу көрсеткіші 30 пайызға көп болып шықты», - делінген зерттеуде.

Ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін алдын алу үшін химиялық заттардан аулақ болуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы