376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы қандай түс сәнде болады

  • 822
  • UPD: 12:14, 05.12.2019
2020 жылы қандай түс сәнде болады

Америкалық Pantonе түс институты 2020 жылдың түсін классикалық көк (19-4052 палитрасының реңі) деп белгіледі.

Бұл туралы институттың сайты хабарлады.

Айтуынша, бұл түс сабырлық пен сенімділікті білдіреді.

«Біз сенімділік қажет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұл тұрақтылық пен сенімділікті 19-4052 классикалық көк түсі жеткізе алады», - деді институт директоры Леатрис Эйсман.

Pantone бүкіл әлемдегі дизайнерлер мен жарнама берушілер түстерді өз жұмыстарында сәтті қолдану үшін түстерді зерттеумен айналысады.

Хабар 24 телеарнасы