375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

  • 296
  • UPD: 17:21, 05.12.2019
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

6-7 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады күтіледі. 6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Көкшетау қаласында 6 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 7 желтоқсанда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

6 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында желдің күші оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с күтіледі. 6 желтоқсанда Шығыс-Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы