380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды

  • 260
  • UPD: 23:41, 06.12.2019
Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды elorda.info

Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға сілтеме жасап. 

«Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жел 25 м/с) 06.12.2019 ж сағат 20.30-дан бастап қаладан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылғанын хабарлайды» делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруіне байланысты ақпараттардан құлағдар болып, барынша сақ болуға шақырады. Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне телефон шалуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы