378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабық тұр

  • 243
  • UPD: 08:22, 07.12.2019
Еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабық тұр

Боранға байланысты елордадан өзге өңірлерге шығатын барлық негізгі жолдар жабылды. Желдің күші кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына орай еліміздің бірқатар аймағындағы күре жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдарда шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар комитеті қазақстандықтарға қырағылық танытып, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты бақылап отыруға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы