427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды

  • 600
  • UPD: 11:44, 10.12.2019
Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды

Алматы әуежайында бірқатар рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», - деп түсіндірді ұйымның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.

Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан ауа температурасы -1 °, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта мына рейстер кешіктірілуде:

DV 729 Skat Алматы – Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23:20-дағы рейс Қостанайдың ауа-райына байланысты 10 желтоқсан сағат 12.35-ке ауыстырылды;

KS 895 Эйр Астана, Алматы – Дубай, 7:40-дан 8:50-ге;

KS 301 Эйр Астана, Алматы – Өскемен, 12:25-тен 16:35-ке;

KC 153 Эйр Астана, Алматы –  Санкт-Петербург, 8:15-тен 10:10-ға;

DV 725 Skat Алматы – Өскемен, 9:30-дан 10:30-ға, Өскеменнің ауа-райына байланысты.

Осыған байланысты, кестені алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын-ала қарау ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы