377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

  • 230
  • UPD: 15:50, 11.12.2019
Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

12 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында тұман сақталады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 желтоқсанда Петропавл қаласындатұман түседі. Күндіз қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Хабар 24 телеарнасы