376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 192
  • UPD: 14:23, 12.12.2019
Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады РМК «Қазгидромет».

12-13 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында 13 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы