376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 243
  • UPD: 16:24, 17.12.2019
Еліміздің үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшеюі таңертең және күндіз сезіліп, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

18 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

18 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында 18 желтоқсанда түнде тұман, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда 18 желтоқсанда түнде тұман, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Хабар 24 телеарнасы