426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар Жаңа жылда көбінесе қайда ұшып барады

  • 669
  • UPD: 12:24, 18.12.2019
Қазақстандықтар Жаңа жылда көбінесе қайда ұшып барады

Елімізде жаңажылдық әуе қатынастары көп жасалатын қалалардың көш басында Алматы мен Нұр-Сұлтан тұр, деп хабарлады Aviasales.

Мамандар алдағы мерекеге сатып алынған әуебилеттерді зерттеп, оларды өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырды.

Зерттеулерге сәйкес, көбінесе билеттер ел ішіндегі әуе қатынастарына сатып алынған. Сонымен танымал 10 қаланың қатарына Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Семей, Өскемен және Тараз кіреді. Ал өткен жылы Семей мен Тараздың орнына Павлодар мен Қостанай алғашқы ондыққа кірген.

Бағаларына келетін болсақ, бір жыл ішінде Қазақстан бойынша авиабилеттер 32%-ға, 30 мың теңгеге дейін арзандады. Мәселен, ең тиімді бағыттардың бірі Семей мен Тараз болды, билет құны орташа есеппен 18 мың теңге тұрады. Алматыда орташа құны 30,5 мың теңгені, ал Нұр-Сұлтанда 25 мың теңгені құрайды.

Сарапшылар қазақстандықтар жиі баратын шетелдік бағыттардың ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Ыстамбұл, Ташкент, Екатеринбург, Калининград, Тбилиси, Сеул және Бангкокты ерекше атап көрсетті. Былтырғы жылмен салыстырсақ, Сеул мен Тбилисінің орнына Баку мен Минск жайғасты.

Бір жыл ішінде шетелдік рейстердің құны 7 пайызға төмендеп, 122 мың теңгеге дейінгі бағаны құрады. Қазіргі уақытта ең қолжетімді бағыттар – Мәскеу, Новосибирск және Ташкент. Бұл елдерге бару билетінің құны шамамен 80 мың теңге тұрады. Бірақ Сеулге және Бангкокқа бару құны 171 және 215 мың теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы