Елімізде жанармай қымбаттайды. Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов осылай деді.
Биыл бензин құны шамамен 10 теңгеге өседі. Бұл іргедегі елдермен бағаны теңестіруге бағытталған мәжбүрлі шара. Қазір Қазақстанда өндірілген мұнай қоры жеткілікті. Қара алтын өндіретін зауыттар жаңартылған соң өндіріс көлемі бірден 5 пайызға артқан. Жыл соңына дейін мұнай көлемі 17 млн тоннадан асады деп жоспарлануда.