428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең сенімсіз құпиясөздер тізімі жарияланды

  • 937
  • UPD: 15:01, 20.12.2019
Ең сенімсіз құпиясөздер тізімі жарияланды

SplashData киберқауіпсіздік сарапшылары 2019 жылғы ең сенімсіз парольдердің рейтингін жариялады.

Компанияның мәліметінше, рейтинг жасау үшін алаяқтар аккаунттарды бұзу кезінде анықтап алған бес миллионнан астам құпиясөз талданған.

Жылдың ең нашар паролі ретінде бірден алтыға дейінгі сандардың қарапайым реттілігінен құрылған 123456 құпиясөзі танылды. Екінші орынды бірден тоғызға дейінгі сандар тізегі 123456789 иеленді

Үшінші орынды пернетақтаның жоғарғы қатарындағы бес перне, яғни qwerty алды. Сонымен қатар admin, welcome және password1 құпиясөздері де тізімге кірді.

«Біздің тізімге жаңадан енген құпиясөзден мыналар: 1q2w3e4r және qwertyuiop», - деді компанияның атқарушы директоры Морган Слейн.

Сарапшылар егер пайдаланушылар өздерінің құпиясөздерін аталған тізімнен тапса, қауіпсіздік үшін оны міндетті түрде өзгертуі керек екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы