376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус қозғалысы тоқтатылды

  • 224
  • UPD: 09:48, 22.12.2019
Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус қозғалысы тоқтатылды

Елорда маңы бағыттарындағы автобустар қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қардың жолды басып қалуы) №№309, 307, 311, 318 және 321 қала маңы бағдарларындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. №308 бағдары Қызылжар кентіне бармайды. № 310 бағдары Максимовка кентіне тікелей трасссамен барады. №№313, 314 бағдарлары Қызылсуат кентіне соқпайды. Ал № 315 бағдары Ижевск кентіне кірмей қайтады.

Хабар 24 телеарнасы