Жаңажылдық шыршаны қалай таңдау керек

Жаңа жыл мерекесінің сәні – шырша.

Жаңа жылға арналған тірі шыршаны қалай таңдау керек?  

Табиғи шыршаны алар кезде ең бірінші оның негізгі бұтағына назар аударған жөн. Ол мықты және таза, зең мен мүксіз болуы керек. Егер кесілген жерінде күңгірт түсті сақинасы болса, онда ағаш ұзақ уақыт бұрын кесілген және ұзаққа шыдамайды.

Шыршаны мұқият тексеріп шыққан жөн. Оның қылқандары жағымды хош иіс шығаруы керек, әсіресе бірнеше қылқанды бөліп алып, илеп, иіскеген кезде хош иіс шығып және майлы тамшылар бөлінуі керек. Ал түсі қою жасыл және қанық түсті болуы керек.

Шырша симметриялы болуы қажет. Төменгі бөлігінің ені ағаштың биіктігінің жартысына тең болғаны жөн.

Үйге әкелген соң бірден жылы бөлмеге кіргізбеу қажет.

Шырша өзінің әдемілігімен ұзақ уақыт сақтап тұруы үшін оны шелекке қозғалып кетпейтіндей орналастырып, төменгі бөлігін құммен жабу керек. Сондай-ақ оны үнемі суарып тұрған жөн.

Жасанды шыршаны таңдарда нені ескерген жөн?

Жасанды шыршаны сатып алу кезінде де ескеретін талаптар бар.

Жасанды шырша алудың өзі табиғат үшін игі іс болып саналады. Өйткені, қылқан жапырақты ағаштарды кесу планетаның экологиясына кері әсерін тигізеді.

Көбінесе жаңажылдық шыршалар ПВХ-дан (поливинилхлорид) жасалады, ол – пластиктің бұл түрі. Одан ешқандай иіс шықпаған жөн. Егер шыршадан химиялық иіс сезілсе, онда бұл оның сапасыз өнім екенін көрсетеді.

Мұндай шыршалар жасыл, көк және қызыл болуы мүмкін. Бояуының табиғи болуы өте маңызды, ол туралы қорапта көрсетілуі керек.

Сондай-ақ жарықдиодты және талшықты-оптикалық жарықтандырылған шыршалар бар. Оның шамдары қызбайды, сондықтан олардан өрт шығуы екіталай. Қарапайым гирляндалармен салыстырғанда оның артықшылықтары бар. Дегенмен сапа сертификатынан мұндай шыршаның өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек.

Сатып алу кезінде шыршаны мұқият тексеріп алған жөн. Қылқандары бүгілген кезде сынып кетпеуі керек.

Сондай-ақ...