425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp арқылы жеке құжаттардың фотосын жібермеу керек – ҚР ІІМ

  • 711
  • UPD: 22:42, 23.12.2019
WhatsApp арқылы жеке құжаттардың фотосын жібермеу керек – ҚР ІІМ

ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының фотосуреттерін жібермеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Парольдерді жиі өзгерту керек (әлеуметтік желілерде, телефонда) себебі қазір телефонда барлығы сақталады, мұның барлығы өзіңізді қауіпсіздендіру үшін керек. Әрқайсыңыз жеке куәліктің фотосуретін жақын адамға WhatsApp арқылы жіберген шығарсыздар немесе банк картасының суретін, картаның кері жағын жолдап көрген шығарсыздар. Бұлай жасауға болмайды, өйткені бұл онлайн сауда жасау үшін жеткілікті. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелері бар», - деді Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте.

Хабар 24 телеарнасы