376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясының ұтысы қашан ойнатылады?

  • 170
  • UPD: 18:07, 23.12.2019
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясының ұтысы қашан ойнатылады?

2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11:00-де Мемлекеттік кірістер комитетінде республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізеді. Бұл туралы Елорда Инфо МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізілген.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.

Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, оларға 5 000 теңгеге дейін ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жұмсалды.

Барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автомобиль ұтыс ойынына қатысады.

«Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы