375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарда өздерімен бірге жеке құжаттары болмаса пәтер кілті берілмейді – Елордалық Тұрғын үй қоры

  • 179
  • UPD: 23:51, 23.12.2019
Жастарда өздерімен бірге жеке құжаттары болмаса пәтер кілті берілмейді – Елордалық Тұрғын үй қоры

Жұмыс істейтін жастарға арналған пәтерлердің кілттері қоныстану сертификаты мен өтініш берушінің өзі жеке куәлігімен болмаса берілмейді, деп хабарлайды Елорда Инфо Тұрғын үй қорына сілтеме жасап. 

«Құрметті жастар! «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша Сіздерді пәтерлерге тезірек қоныстандыру үшін біздің тарапымыздан барлық күш-жігер жұмсалуда және zhilfond.kz сайтында жарияланған кілттерді беру 24 желтоқсаннан бастап кестеге сәйкес басталатындығын хабарлауға қуаныштымыз. Кесте бірнеше кезекке бөлінген және әрбір кезек бойынша кілттердің берілген күні, уақыты мен орны туралы смс-хабарлама арқылы қосымша хабарланатын болады. Сізге бұрын берілген сертификатта пәтер мәліметтері көрсетілген: мекен-жайы, пәтер номері. Кілттер қоныстану сертификаты және өтініш берушінің өзі жеке куәлігімен болмаса берілмейді» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы