423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балаларға гаджет сыйламаған жөн – психолог

  • 566
  • UPD: 12:10, 24.12.2019
Балаларға гаджет сыйламаған жөн – психолог

Мамандар балаларға сыйлық алғанда гаджеттердің орнына отбасы мүшелерімен бірге ойнайтын үстел ойындарын таңдауға кеңес береді.

Баланың қалыпты дамуына және қалыптасуына кедергі келтірмеу үшін сарапшылар балаларға смартфон немесе планшет сыйламауға кеңес береді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Балаға гаджет сыйлау оны құрбан еткенмен бірдей. Ондай сыйлықтар баланы экранға тәуелді етеді және психологиясына кері әсерін тигізеді», - дейді мәскеулік психолог Елена Абдулаева.

Сонымен қатар гаджеттердің көмегімен шынайы өмірде қолжетімді іс-әрекеттерді жасатып үйретпеу керектігін айтты. Мысалы күзгі жапырақтарды жинау, тағамдар дайындау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу. Бұл іс-әрекеттер ақыл-ой мен сезім мүшелері арқылы іс жүзінде жасалуы керек.

Хабар 24 телеарнасы