379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Артық салмақ жаһандық жылынуды жылдамдатады – зерттеу

  • 279
  • UPD: 14:39, 24.12.2019
Артық салмақ жаһандық жылынуды жылдамдатады – зерттеу

Даниялық және америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдардағы семіздік парниктік әсерді күшейтеді.

Көмірқышқыл газының бөлінуіне метаболизм жылдамдығы да, тірі организмдердің дене салмағы да әсер етеді.

Зерттеуде артық салмағы бар адамдар арық адамдарға қарағанда көмірқышқыл газын көп шығаратыны айтылған.

Ғалымдардың пікірінше, семіздік жаһандық проблема ретінде артық 700 мегатонн көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі, бұл адамдар шығаратын барлық шығарындылардың 1%-ын құрайды. Орташа алғанда семіздікке шалдыққан адамның экологиялық ізі дене салмағының индексі қалыпты адамдарға қарағанда бес есе көп.

Хабар 24 телеарнасы